ТүргенІле өзенінің сол саласы.

 Басқа мағыналар үшін Түрген деген бетті қараңыз.

Географиялық орны

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады.

Бастауы

Бастауын Іле Алатауының мұздықтарынан алып, Іле өзенінің қазіргі Қапшағай су қоймасына құяды.

Гидрологиясы

Түрген өзені мореннен ағатын мұздықтардан және сулардан алады. Өзен Шың түрген, Түрген (Ортатүрген) және Кіші Түрген өзендерінің қосылуынан пайда болады. Олардың әр қайсысы көптеген тармақтардан тұрады. Өзеннің жалпы ұзындығы 116 км.

Жағалау сипаты

Өзеннің жоғарғы ағысында Алматы қорығы және Іле Алатауы ұлттық паркі, ал төменгі ағысында Қарашенгел қорықшасы орналасқан. Ауыз су мен егіншілікке пайдаланғандықтан өзен суы Ілеге көбіне жетпей қалады. Өзен жағасында Таутүрген минералды суының бассейны бар. Түрген өзенінің аңғары - еліміздің белгілі демалыс аймағы. Түрген, Қаракемер, Ақши ауылдарының маңында көптеген Сақ қорғандары орналасқан. Өзен аңғарында Таутүрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай, Ақши, Қайрат, Күш елді мекендері орналасқан.[1][2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.